«Казахский автомобильно-дорожный институт (КазАДИ) им. Л.Б. Гончарова — www.kazadi.kz

Ағымдағы жылдың 1-25 желтоқсан аралығында «Ұлы дала жыршысы» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі номинацияларда шығармашылық онлайн-байқауы өтті.

Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері де белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салып, онлайн-байқауға қатысты.

Онлайн-байқаудың қорытындысы бойынша институттың 12 студенті жүлдегер атанып, барлығы медальдар және дипломдармен марапатталды.
Оның ішінде, 7 студент-Бас жүлдегер атанды, 3 студент – I орынға және 2 студент – II орынға ие болды.

Сонымен қатар дарынды да, өнерлі жастардың шығармашылығын дамытуға, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е. «Ұлы дала жыршысы» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының медалі және дипломымен марапатталды.

Өнерлі студенттеріміздің жеңісі мен жетістіктері құтты болсын!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.


Версия для слабовидящих
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support