Харьков ұлттық автомобиль-жол университеті (ХНАДУ) мен Л. Б. Гончарова атындағы ҚазАЖИ арасындағы халықаралық ынтымақтастық жаңа деңгейге шықты. – «Казахский автомобильно-дорожный институт (КазАДИ) им. Л.Б. Гончарова — www.kazadi.kz

Харьков ұлттық автомобиль-жол университеті (ХНАДУ) мен Л. Б. Гончарова атындағы ҚазАЖИ арасындағы халықаралық ынтымақтастық жаңа деңгейге шықты.

Біздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында 2022 жылдың 1 ақпанында Л. Б. Гончарова атындағы ҚазАЖИ-ның «ҚТ,ЖББ ж/е АЖ» кафедрасы және ХНАДУ бейінді кафедраларының өкілдерімен академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық онлайн семинар ұйымдастырды. ХНАДУ-дан біздің әріптестер «Автоматтандыру және компьютерлік интеграцияланған технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, профессор, т.ғ.д. Гурко А.Г., «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының меңгерушісі, профессор, т.ғ.к. Левтеров А.И., «Компьютерлік технологиялар және мехатроника» кафедрасының меңгерушісі, профессор, т.ғ.д. Никонов О.Я. және бөлімнің жетекші маманы Шуляков В. кездесуге белсенді қатысты.

Л. Б. Гончарова атындағы ҚазАЖИ атынан кесдесуге «ҚТ,ЖББ ж/е АЖ» кафедрасының меңгерушісі, профессор, т.ғ.к. Нурпеисова Т.Б., профессор, т.ғ.д. Нурпеисова Г.Б., қауымдастырылған профессор, доктор PhD Бехмуханбетова Ш.А., қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. Абен Е.Х., аға оқытушысы, магистр Панюкова Д.В. қатысты.

Кездесу барысында білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мәселелері мен перспективалары, қонақ дәрістерін оқу, бірлескен ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы білім алмасу және тарату мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесудің негізгі мәселесі «Ақпараттық жүйелер» және «Мехатроника» бойынша бірлескен және қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу үдерісін талқылау болды.

Жиынға қатысушылардың барлығы қызығушылық танытып, қаралып жатқан мәселелердің өзара тиімді шешімдерін табу жолдары туралы өз ұсыныстарын айтты.

Отырыс нәтижесінде олардың негізінде келесі оқу жылына бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау бойынша жұмыс оқу жоспарларымен алмасу, ағымдағы оқу семестріне қонақтық дәрістердің бағдарламаларын дайындау және т.б. сұрақтар бойынша ұсыныстар қабылданды.

Барлық қатысушылар осы отырысқа қатысушы кафедраларда жүргізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бағыттары бойынша бірлескен ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу туралы шешімді бірауыздан қолдады.

Біз ынтымақтастығымыздың жемісті болатынына сенеміз!

Версия для слабовидящих
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support