Кәсіптік бағдар беру жұмысы – «Казахский автомобильно-дорожный институт (КазАДИ) им. Л.Б. Гончарова — www.kazadi.kz

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Ағымдағы жылдың 7 – 10 желтоқсан аралығында Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е., институттың 3 курс студенттері «Экономика» мамандығы бойынша Әділхан Ертөстік және Осипов Алексей «Логистика» мамандығы бойынша, Қалиақбар Арман «Архитектура» мамандығы бойынша және Батан Жаннур «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Алматы облысы, Қарасай ауданы Қаскелең қаласының мектептері мен колледждерінің, Ораз Жандосов атындағы мектептің, Шамалған ауылы колледждерінің түлектерімен кездесіп, кәсіби өзін-өзі анықтауға, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға дайындау мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Студенттер алған мамандықтары, сабақтан тыс бос уақытын өткізу, қандай хоббилері бар, институт қабырғасында өткізілетін іс-шаралар, қалалық ауқымдағы байқауларға қатысу, т.б. туралы алған әсерлері мен ақпараттарымен қызығушылықпен бөлісті.

Түлектерге институтымыз туралы, алуға болатын мамандық түрлері туралы мағлұмат берілді, сонымен қатар институт автомобиль өнеркәсібі үшін бакалаврдан бастап PhD докторантураға дейін барлық білім деңгейіндегі кадрларды дайындайтын Қазақстандағы жалғыз ЖОО мамандандырылған техникалық оқу орны болып табылатыны жайлы айтылды. Еліміздегі ірі жол жобаларын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі бар екені хабарландырылды.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.


Версия для слабовидящих
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support