Кітапхана – «Казахский автомобильно-дорожный институт (КазАДИ) им. Л.Б. Гончарова — www.kazadi.kz

Кітапхана

Предварительная запись в библиотеку

График работы: с 9-00 до 18-00

Новая литература

Электронные книги на 2021-2022 учебный год

https://drive.google.com/drive/folders/1zWEJYk2MNHrdeOldU7eQRMhnGeC4Ebu6?usp=sharing  Общ. Оброзов.

https://drive.google.com/drive/folders/18soSU8ieO9j2a5PhifAMg2zkKVamSf8F?usp=sharing  ОДиИС

https://drive.google.com/drive/folders/1uVo224uNnUIrew-uc61cyaPhGFRPI8F9?usp=sharing  Экономика

https://drive.google.com/drive/folders/1XctW4DbRMABMU9XsodTnGAd_LMHTpsjC?usp=sharing  ТТиТиОПД

https://drive.google.com/drive/folders/1E4aGlPrnawtWpBe31xaxbsCfqx8VVOUl  ТСиПСМ

Казақ автомобиль жол институтының кітапхана қоры 31933 дана оқулықтардан (оқулық, оқу құралы, методикалық оқулықтар, ғылыми, әдеби және шетелдік әдебиеттерден құралған) жәнеде электронды, магнитті тасымалдаушы, СД дискі, аудио және видеотаспалардан тұрады. Электронды оқулықтар саны 1105 дана.

Кітапхана оқырмандарына ұсынады:

  • Электронды каталог, электронды кітаптармен оқулықтарын;
  • Электронды картатекалар және электронды  ППС-тың жарық көрген оқулықтарының картатекасы, мақалаларының картатекасы бар.
  • ЖОО электронды библиотекасы (РМЭБ) және халықаралық электрондық база (АҚ “Ұлттық ғылыми техникалық ақпараттар орталығына қосылған”)

Кітапхана орналасқан жері:

Бірінші қабат – абонемент, үлкен оқу залы (кітапхана оқу залында интернет желісіне қосылған компьютерлерден тұрады, оқырмандарға барлық жағдай жасалған кітапханада екі Ксерокс және екі принтер қойылған)

Екінші және 3 қабатта кітап қоры орналасқан

 Абонемент бөлімінде оқулықтарды оқырмандар үйге бір сессияға немесе бір жылға алуға мүмкіндіктері бар. Оқулықтарды үйге алу үшін оқырман билетімен кітапханага тіркеледі. Егер оқырман билеті болмаған жағдайда бір ретік оқырман формуляры беріледі.

Абонемент бөлімінің жұмыс уақыты

Күнделікті сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін, үзіліссіз.

Демалыс күні: Жексенбі

Оқырман залының жұмыс уақыты:

Күнделікті сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін, үзіліссіз.

Демалыс күні: Жексенбі

Кітапханаға келген оқырман оқулыққа тапсырыс беру үшін өзінің Қазақ автомобиль – жол институтының студенті екенін дәлелдейтін студенттік билет немесе оқырман билетін кітапханашыға көрсетіп өзіне қажетті оқулықтырға тапсырыс беруге мүмкіндік алады. Оқырман залында  алынған оқулықтардың формулярларына қол қойылады, егер компьютермен жұмыс істейтін болса әр компьютердің алдындағы қойылған дәптерге қандай пәннен қандай оқулықтар іздегені туралы мәліметтер қалдырады. Сонымен қатар Қазақ автомобиль – жол институтының техникалық кітапханасы барлық пәндерден электронды оқулықтар, оқу құралдары, методикалық көрсеткіштермен қатар кез келген лекциялар жинағының аудиожазбасын және видеосабағын қарай алады, әрбір оқырман өзінің оқулыққа деген сұранысын өте жоғары деңгейде жан-жақты сұранысын қанағаттандыра алады.

Энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, журналдар, СНиП-тер және бір – екі дана оқулықтар тек оқу залында қолдануға беріледі.

Кітапханада ұйымдастырылатын көрмелер.

Жаңа келіп түскен оқулықтар көрмесі оқырмандарға  айына екі рет ұйымдастырылады жәнеде кітапхана мүмкіндігі ҚазАЖИ кітапханасында жоқ оқулықтарды басқа ЖОО –дарына тапсырыс беру арқылы алу мүмкіндігі бар.

Қыркүйек қазан айларында бірінші курс студенттеріне арналған кітапханамен танысу және электрогды кітаптарды пайдалану, қалай картатеклардан өздеріне қажетті оқулықтарды қалай іздеу керектігі туралы мәліметтер, қысқаша оқу сабақтары, треннингтер жүргізіледі. Бірінші курс студенттеріне арнап кітапхана қорына, оқу залына, абонементтеріне экскурсиялар жасалады. Бірінші курстарды оқуға бейімдеу, оқу залына келуге үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

Қазақ автомобиль – жол институтының кітапханасында, мерекелік іс-шараларға студенттерді көбірек тарту, студенттік ортада өздерін еркін сезінуге, өздеріне сенімділік ояту, белсенді болуға ықпал ету, өздерінің жақсы маман болып қалыптасуына кітапхананың ықпалы өте мол.  Тек оқумен шектелмей отан сүйгіштікке, тілін құрметтеуге, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстарын қоса атқарады. Кітапханада болатын мерекелік іс – шараларға студенттерді белсенді араласуын насихаттайды.

Ай сайын жаңа түске кітаптар тізімі кітапхана сайтына жүктеледі, электронды оқулықтарда ай сайын жаңартылып тұрады.

Барлық оқылатын пәндерден электронды кітапханада картатекалар жасалып әр пәндер оқулықтармен қамтылған.

Республиканская межвузовская электронная библиотека

Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке

Версия для слабовидящих
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support