Алматы қаласының №149 мектебіндегі Салтанатты сап

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е. және «АЖ және ЖП» кафедрасының физика пәнінің оқытушысы Аутова Г. М. ағымдағы жылдың 25 мамырында, Алматы қаласы, Алатау ауданының, № 149 мектебінде соңғы қоңырауға арналған Салтанатты сапқа қатысты.

Салтанатты сапта, аталған мектепте 2022 жылдың 16 наурызында «физика-математика» және «география-математика» пәндері бойынша 11-сынып түлектері үшін өткен олимпиаданың қорытындысы жарияланып, жүлделі 1,2,3 орындарға ие болған оқушыларға институт өкілдері грамоталар табыс етіп, сыйлықтар ұсынды.

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты грамотасымен Алматы қаласы № 149 мектебінің басшысы, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшілер марапатталды.

Сонымен қатар, институт өкілдері түлектерге, барлық оқушыларға және Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 149 мектеп ұжымын мерекелерімен құттықтап, жақсы жазғы демалыс, денсаулық және бар жақсылықты тіледі.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Бейне
Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support