Іске сәт, талапты жас!

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері білім саласында да, өнерде де топ жарып жүр. Солардың бірі 1-курс студенті Әуелбек Мұсахан. Жуырда Грэпплинг спорт түрінен өткен республикалық деңгейдегі «Оңтүстік батыры» сайысында студентіміз 71 келі салмақта 3-орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан бой көрсетті.

Бұл спорт түрімен айналысқанына небәрі 1 жыл ғана болса да Әуелбек Мұсахан өзінің өнерлі әрі еңбекқор екендігін көрсетіп, республикалық додада топ жарды. Спортшымызға дем беріп, топқа қосып жүрген жанашыр жан оның жаттықтырушысы Темирбеков Асылбек. Бір жылдың ішінде осындай үлкен сайысқа қосып, жүлдеге қол жеткізуіне себепкер болған жаттықтырушысына да, студентімізге де алдағы күндерде тек жеңісті күндер тілейміз! Әуелбек Мұсахан біздің оқу орнымыздың ғана атын шығармай, халықаралық деңгейдегі жарыстарда еліміздің атын шығара берсін! Іске сәт, талапты жас!

Баймағамбетова Гүлнар Ерқанқызы, Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-дің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support