2023 жылдың 1 қыркүйегінде Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында оқу жылының басталуы – Білім Күніне арналған салтанатты шара өтті!!!
Іс-шарада құттықтау сөз сөйлегендер: Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының бірінші проректоры – профессор Еспаева Г.А. және факультет деканы – профессор Мурзахметова У.А.,тәрбие ісі жөніндегі проректор – доктор PhD Жанакова Р. К.
Айта кету керек, біздің институттың студенттері таңдаған мамандығы бойынша жақсы білім алып қана қоймай, рухани және үйлесімді білім алып, жеке тұлға ретінде – өз Отанын сүюге, патриоттыққа, Қазақстан халқының көп ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуге, дәріптеуге ат салысады т.б.
Мереке құтты болсын, білімнің жаңа белестерін бағындырыңыздар, жақсы және сенімді достармен кездесіп, армандаған мақсаттарыңызға жетіңіздер. Сіздің қабілеттеріңіз бен табандылығыңыз біздің Отанымыз – Қазақстанды нығайту жолындағы көрнекті табыстарыңыздың кепілі болсын!
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.