ҚазАЖИ: Алматының экологиялық жобаларына қатысу
Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері Алматы қаласында ашылған қар ерітетін жаңа пунктке барып қайтты. Бұл инновациялық нысан қысқы қар тазалау мәселелерін шешуге арналған маңызды қадам болып табылады.
📌 Жоба туралы маңызды ақпарат:
✔️Қар ерітетін пункт қала канализациясынан келетін жылы ағынды суды пайдалана отырып, тәулігіне 1200 м³ қарды ерітеді.
✔️Ерітілген қардың суы тазартылып, қайтадан қаланың канализация жүйесіне беріледі, бұл табиғи ресурстарға түсетін жүктемені азайтады.
✔️Бұл технология тасымалдау шығындары мен зиянды шығарындыларды қысқартуға көмектеседі.
🔹ҚазАЖИ ректоры Есентай Дәурен Ерланұлы осындай жобалардың студенттер үшін маңыздылығын атап өтті:
“Біздің студенттер үшін заманауи экологиялық таза технологияларды өз көздерімен көру және оларды өз білімдерінде қолдану өте маңызды. Мұндай тәжірибе оларға болашақта тиімді инфрақұрылымдық шешімдерді жасауға шабыт береді.”
👩🎓 Студенттердің әсерлері:
Алмабай Бақытжан: “Бұл жоба бізді Қазақстан қалалары үшін пайдалы шешімдер ойлап табуға шабыттандырды.”
Сайлаугазы Сұлтан: “Бұл технология қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және экологиялық зиянды азайтуға көмектеседі.”
ҚазАЖИ мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, студенттерді заманауи жобаларға белсенді түрде тартады. Жоспарда – бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, тұрақты тағылымдамалар және магистранттар мен докторанттарға арналған зерттеулер ұйымдастыру.
🎓 Біз ақылды және экологиялық таза қалаларды құратын мамандарды дайындаймыз!
Студенты Казахского автомобильно-дорожного института (КазАДИ) посетили снегоплавильный пункт Алматы — инновационный объект, который стал важным шагом в решении проблем зимних снегопадов.
📌 Что важно знать о проекте?
Снегоплавильный пункт использует тепло сточных вод для плавления до 1200 куб. м снега в сутки.
Очищенная талая вода возвращается в городскую канализацию, минимизируя нагрузку на природу.
Технология снижает транспортные затраты и выбросы в атмосферу.
Ректор КазАДИ Есентай Дәурен Ерланұлы подчеркнул значимость таких мероприятий:
“Для наших студентов это возможность увидеть, как работают современные экологически чистые технологии, и применить эти знания в своей учебе и будущей профессии. Мы гордимся, что можем дать студентам доступ к таким проектам.”
👩🎓 Впечатления студентов:
Алмабай Бакытжан: “Это вдохновляет нас разрабатывать собственные решения, которые будут полезны для городов Казахстана.”
Сайлауғазы Сұлтан: “Технология помогает не только улучшить инфраструктуру города, но и минимизировать экологический ущерб.”
КазАДИ активно сотрудничает с государственными структурами, внедряя современные подходы в обучение. В планах — создание совместных научных проектов и регулярные стажировки для студентов и магистрантов.
🎓 Мы готовим специалистов, которые строят умные и экологически чистые города!