+7 (727) 276 83 19

2025 жылғы мектеп түлектері үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жетісу облыстық филиалы ұйымдастырған үгіт-насихат және ақпараттық кампания

2023 жылғы ҚР Премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 14-17 сәуір күндері аралығында “Көлік құрылысы” мамандығы бойынша “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ақсу, Сарқан, Алакөл, Кербұлақ, Панфилов аудандарында арнайы 2025 жылғы мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына және мектеп ұстаздарына арналған үгіт-насихат жұмыстары өз мәресіне жетті.

🔹Іс-шараға арнайы Алматы қаласынан көп жылдық тарихы мен тәжирбиесі бар М.Тынышбаев атындағы АLT университетінің өкілдері, Л.Б.Гончаров атындағы қазақ-автомобиль жол институтының вице-ректорлары, Қ.И. Сәтбаев атындағы университеттің т.ғ.д., және облысымыздағы жол мекемелері “Қажсервис” ЖШС мен “Жол активтері ұлттық сапа орталығының” білікті мамандары қатысып, сапалы өтуіне атсалысты.

🔹Аталған іс-шара өте ауқымды әрі сапалы өтті. Іс-шара барысында “Көлік құрылысы” мамандығы туралы қызықты әрі маңызды бейнероликтер көрсетіліп, біршама ақпараттар таратылды. Мектеп бітіруші түлектер спикерлерге көптеген сұрақтар қойып, “Көлік құрылысы” мамандығына деген қызығушылықтарын білдірді.

🔹Жоғарыда аталған аудандардың басшылары мен мектеп ұстаздары және түлектердің ата-аналары өткізілген іс-шараға үлкен ризашылықтарын білдірді.

Во исполнение поручения Премьер-министра Республики Казахстан 2023 года, в период с 14 по 17 апреля текущего года завершилась агитационно-информационная кампания, организованная Жетысуским областным филиалом АО «НК «ҚазАвтоЖол» для выпускников 2025 года, их родителей и школьных учителей по специальности «Транспортное строительство» в районах Аксуский, Сарканский, Алакольский, Кербулакский и Панфиловский.

🔹 В мероприятии приняли участие представители АЛиТ им. М. Тынышпаева с многолетней историей и опытом из г. Алматы, проректоры Казахского автомобильно-дорожного института им. Л.Б. Гончарова, доктор технических наук КазНТУ им. К.И. Сатпаева, а также квалифицированные специалисты дорожных организаций области — ТОО «Кажсервис» и Национального центра качества дорожных активов.

🔹 Данное мероприятие прошло масштабно и качественно. В ходе встречи были показаны интересные и важные видеоролики о специальности «Транспортное строительство», распространена полезная информация. Выпускники школ проявили активный интерес, задавали множество вопросов спикерам по данной специальности.

🔹 Руководство указанных районов, школьные учителя и родители выпускников выразили большую благодарность за проведённое мероприятие.

Фото
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support