2022 жылғы – «ҚазАЖИ – Жігіт Сұлтаны»

Ағымдағы жылдың 08 сәуірінде Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында шығармашыл да, белсенді жігіттеріміз, институтымыздың батыл студенттерінің арасында «ҚазАЖИ – Жігіт Сұлтаны» атты сайысы өтті.

Қазылар алқасы мүшелері келесі номинациялар бойынша Жігіттердің арасынан жеңімпаздарды анықтады:

«ҚазАЖИ – Жігіт Сұлтаны» – Хамза Сүндет, «ҚазАЖИ – Вице Жігіт Сұлтаны» – Кенжебай Елдар, «ҚазАЖИ – өнерлі Жігіті» – Сиразиев Ильхам, «ҚазАЖИ шығармашыл Жігіті» – Шадаев Амир, «ҚазАЖИ көрермен көзайым Жігіті» – Атабаев Дінмухамед, «ҚазАЖИ – білімді Жігіті» – Натибаев Адилет, «ҚазАЖИ – қарапайым Жігіті» – Ескендер Алишер.

Студенттерге сыйлықтар табыс етілді және Грамотамен марапатталды.
Құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет