Жизнь студентов в КазАДИ
1 қыркүйекте ҚазАЖИ институтының алдында білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

1 қыркүйекте ҚазАЖИ институтының алдында білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Білім күніне арналған салтанатты рәсімнен кейін, бірінші курс студенттері ҚазАЖИ спорт кешеніне және біздің негізгі коммерциялық серіктестеріміз ұсынатын тәжірибе орындарына барды

ҚазАЖИ студенттері Алматы қаласының Республика сарайында ақын Иран Ғайыптың 75 жылдық мерейтойын тамашалады!

Ағымдағы жылдың 07 қыркүйегінде Алматы қаласының мәдениет сарайында” Иран — әлемі ” атты ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Иран Ғайыптың 75 жылдық мерейтойы өтті.

Осы мерейтойға шақыру билеттерінің иегерлері Қазақ автомобиль-жол институтының 1 курс студенттері болды. Институт деканының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары Г. Е. Баймағамбетова
1 курс эдвайзері Г. М. Аутова студенттермен бірге Иран Гайыптың жазған әдемі және әуезді әндерін, оның поэзиясын тыңдады.

15 қыркүйекте Қазақ автомобиль-жол институтының Жастар ісі - жөніндегі комитеті 1 курс белсенділерімен танысу үшін жиналыс өткізді.
ҚазАЖИ студенттері мен эдвайзерлері Республика күніне орай еліміздің киелі, тарихи орнына айналған "Шарын шатқалына" барды.
ҚазАЖИ белсенділері Алматы қаласында өткен "Жұлдызды Live" ауқымды концерттерінің бірінде еріктілер болды. Аталмыш іс-шарадан кейін студенттеріміздің айтқаны "Біз көптеген жұлдыздармен танысып, үлкен жарқын әсерлерге ие болдық".
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support