КазАДИ докторантураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындық жүргізеді:
8D071 — Инженерия және инженерлік іс
8D07103 — Көлік, көлік техникасы және технологиялары
8D073 — Сәулет және құрылыс
8D07303 — Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы
8D11305 — Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
КазАДИ докторантурасында оқу мерзімі 3 жыл, диссертацияны қорғағаннан кейін PhD докторы академиялық біліктілігі беріледі/тағайындалады.
Докторантураға түсушілерден өтініш қабылдау, қабылдау комиссиялары арқылы және (немесе) келесі мерзімдерде ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі:
- күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;
- күнтізбелік жылдың қараша айының 1-нен 18-не дейін.
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау емтихандары келесі мерзімдерде жүргізіледі:
- күнтізбелік жылдың тамыз айының 4-нен 20-на дейін;
- күнтізбелік жылдың қарашаның 19-нан желтоқсанның 11-не дейін.
Докторантураға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:
- еркін нысандағы өтініш;
- білім туралы құжат (түпнұсқасы, қабылдау комиссиясы арқылы құжаттар тапсырғанда);
- Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау емтихандары келесі мерзімдерде жүргізіледі:
- мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат/куәлік (КАЗТЕСТ), ҰТО берген;
- шетел тілін білетінін/меңгергенін растайтын сертификат/куәлік;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілгген, электронды форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
- өлшемі 3×4 сантиметр алты фотосурет;
- жұмыс орны бойынша кадр қызметімен бекітілген, еңбек өтілін растайтын жеке есеп парағы немесе басқа құжат;
- соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі, зерттеу жүргізу жоспары;
- алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша).
Докторантуға қабылдау емтиханы компьютерлік форматта келесі блоктардан тұрады/құрылады:
- ЖЖОБҰ емтихандық комиссиясымен жүргізілетін, докторантураға түсушімен сұхбат;
- эссе жазу;
- докторантурада оқуға дайындықты анықтауға тест (ары қарай – ОДТ);
- білім беру бағдарламасы тобы профилі бойынша емтихан сұрақтарының жауабы.
Докторантураға қабылдау емтиханына 4 сағат 20 минут уақыт беріледі (260 минут), оның ішінде:
- сұхбатқа – 20 минут;
- ОДТ-ға – 50 минут;
- эссе және білім беру бағдарламасы тобы профилі бойынша емтихан сұрақтарының жауабын жазуға – 190 минут (3 сағат 10минут).