Біз бақытты баламыз

Ағымдағы жылдың 20 қаңтар мен 11 ақпан аралығында «Балдаурен» атты шығармашылық орталығымен ұйымдастырылған «Біз бақытты баламыз» тақырыбындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдер және ересектер арасындағы түрлі номинацияларда шығармашылық онлайн-байқауы өтті.

Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері де шығармашылық өнерлерін ортаға салып, түрлі номинациялар бағытындағы онлайн-байқауға қатысты.

Онлайн-байқаудың қорытындысы бойынша институттың студенттеріі жүлделі орындарға ие болып, жеңімпаз атанып, медальдар және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар дарынды да, өнерлі жастардың шығармашылығын дамытуға, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты 1 курс студенттерінің эдвайзері А. А. Оспановаға «Балдаурен» атты шығармашылық орталығынан «Алғыс хат» табысталды, деканнның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Баймагамбетова орталықтың «Алғыс хат», медаль және «Үздік жетекші» дипломы марапаттарына ие болды.

Өнерлі студенттеріміздің белсенділігі мен жеңісі, жетістіктері мен шабыты мол болсын.

Құтты болсын!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support