ҚазАЖИ – ның студенттерінің күзгі табиғат аясындағы демалысы!

Ағымдағы жылдың 06 қазанында Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері Алматы қаласындағы «Әсемтау» атты демалыс аймағында тамаша күн өткізді.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ автомобиль- жол институтының ректоры Р. А. Кабашевтың және ЖОО- ның құрылтайшыларының көмегі және ұйымдастыруымен студенттердің автобуспен жүруі қамтылып, дәмді дастархан жайылды. Біздің студенттерімізге көтеріңкі көңіл -күй сыйлап, табиғат аясында жақсы демалуларына мүмкіншілік жасаған институт Ректорына және құрылтайшыларға алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз!
Студенттеріміз табиғат аясында жақсы демалып, қуат алды.
Сондай-ақ, біздің институттағы студенттермен жұмыстың тәрбиелік бағытының басым міндеттері еңбек нарығына жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан біздің студенттер үшін оқу процесімен бірге қызықты да, сапалы студенттік өмір ұйымдастырылады.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support