Бүгін, яғни қаңтар айының 24-ші жұлдызында, Сіздер Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының профессоры Әбді Қиялбайұлының редакциясымен әзірленген «Көліктік құрылыс бойынша теориялық және эксперименттік әдістемелер» атты 2-бөлімдік оқулықтың тұсау кесер рәсімін көріп отырсыздар.

Бүгін, яғни қаңтар айының 24-ші жұлдызында, Сіздер Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының профессоры Әбді Қиялбайұлының редакциясымен әзірленген «Көліктік құрылыс бойынша теориялық және эксперименттік әдістемелер» атты 2-бөлімдік оқулықтың тұсау кесер рәсімін көріп отырсыздар. Оқулық автожол саласы бойынша заманауи озық технологиялар мен жаңа жол құрылысының материалдарын дайындап, оны автожол құрылысы мен жөндеп-баптау істеріне қолдарудың теориялық-эксперименттік әдістемелерін сипатайды.

«Игі істің басына, жақсы келер қасына», – демекші бұл тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның бірқатар жол мекемелерінен, ғылыми-зерттеу институтынан және жоғары оқу орындарынан ғалымдар, тәжрибелі инженерлер мен жоғары оқу орындарынын оқытушылар мен ғалымдар келіп отыр. Солардың қатарында Қазақстан автожолшылар ассоциациясының президенті Бағлан Әуелбекұлы Баймағанбетов ағамыз, Ұлттық Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корроспондент мүшесі, профессор Бағдат Бұрханбайұлы Телтаев, Семей иновация университетінің экс-ректоры, профессор Ержан Зайнуллаұлы Әділғазинов, «Логистика және Көлік академиясы» Құрылыс институтының директоры Шәміл Асқарұлы Әбдірешов, осы акаемияның кафедра меңгерушісі Қалижан Серікұлы … мен доцент Тұрлы Дүйсенғалиқызы Әбдрешова, «Қазақ жол Ғылыми-зерттеу институты» Акционерлік қоғамы Алматы филиалының директоры Өмірзақ Маманұлы Ерембаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облыстық филиалының қызметкері Роза Ережепова, Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің кафедра меңгерушісі Самал Шалқарбайқызы Қарасай, автомобиль жолдары саласындағы тамаша маман Жумадилова Лаура, ҚазАЖИ профессорлары Нұрлан Сабыралыұлы, кафедра меңгерушілері Роза Жұмахметовна, Гүлнәр Сәтбайқызы, Элмира Алимжановна, және басқа да ғалым-оқытушылар, студенттер қатысты.

Кітаптың тұсау кесер жолын автожол саласының ардагері Бағлан Әуелбекұлына, профессор Бағдат Бұрханбайұлына, профессор Нұрлан Сабыралыұлына және Шығыстан келген қонағымыз, профессор Ержан Зайнуллаұлына берілді. Ақжол сіздерге, құрметті кітап авторлары!!! Бұл еңбектеріңіз Қазақстанның автожол саласына мамандар мен ғалымдар әзірлеуде тиекті оқулық болсын! Жастарға ғылым жол ашатын мықты өткел болсы!!! Жасай бер Қазақ автомобиль-жол институты!!! Бәз сіздермен біргеміз!!!

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support