– ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тестілеуден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.
1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 8 шілдеге дейін;
2) күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
Кешенді тестілеу КТ келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
** Толығырақ сілтеме бойынша:
КТ өткізілу күндері: https://clck.ru/c5pVr – (сілтеме бойынша өту)
КТ өткізу форматы: https://clck.ru/Xak3w – (сілтеме бойынша өту)
КТ бойынша тест-сұрақтар үлгілері: https://clck.ru/Xak24 – (сілтеме бойынша өту)
КТ-ға тіркелу: оқуға түсуші кешенді тестілеуге қатысуға өз бетінше онлайн өтініш береді. Ол үшін келесіні істеу қажет:
КТ нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
1) ақылы негізде:
ғылыми-педагогикалық магистратураға-кемінде 75 балл, оның ішінде:
– шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
– білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл
– оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл;
бейіндік магистратураға-кемінде 50 балл, оның ішінде:
– білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл
– оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – кемінде 75 балл, оның ішінде:
– шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
– білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
– оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
1) Л. Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ басшысының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (болған жағдайда);
– ағылшын тілі: IELTS, кемінде 6.0; TOEFL IBT, кемінде 60; TOEFL PBT, кемінде 498;
− неміс тілі: DSH, C1; TestDaF-Prufung, C1;
– француз тілі: TFI, оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес; DELF, B2 деңгейі; DALF, C1 деңгейі; TCF, кемінде 50 балл
7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда – ҚазАЖИ-ның қабылдау комиссиясы оқуға түсуші тұлғалардан құжаттарды қабылдамайды
** Толығырақ сілтеме бойынша: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017650
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламасы тобының атауы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 1 бейіндік пән | ||
M070 | Экономика | Кәсіпорын экономикасы | Макроэкономика |
M104 | Көлік, көліктік техника және технология | Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері | Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері |
M124 | Құрылыс | Құрылыс материалдары | Құрылыс өндірісінің технологиясы 1 |
M126 | Көлік құрылысы | Құрылыс материалдары | Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау |
M151 | Көлік қызметтері | Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы | Тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару |
Толығырақ https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/perechen-grupp-obrazovatelnykh-programm-s-ukazaniem-profilnykh-distsiplin-kompleksnogo-testirovaniya/ |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 410-VI «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес жас мамандарды даярлау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2021 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді).
2021 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекет есебінен білім алған бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 3 (үш) жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті. Түлектер меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мамандығы бойынша белгіленген мерзімде жұмыс істей алады.
Гранттарды игеру туралы ақпаратты жедел алу үшін ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ дамуы мен бағдарламалары туралы барлық қажетті ақпаратты беретін Telegram-да ҚР БҒМ FINCENTER ботын пайдаланыңыз.