Ақын Ирана Ғайыптың туғанына 75 жыл!

Ағымдағы жылдың 07 қыркүйегінде, Алматы қаласының Республика Сарайында «Иран-Ғайып Әлемі» атты ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Иран Ғайыптың 75 жас – мерейтойы аталып өтілді.

Бұл мерейтойдың шакыру билеттеріне Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының 1 курс студенттері ие болды. Студенттер институт деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Е Баймагамбетова және 1 курс студенттерінің эдвайзері Г.М. Аутовамен Иран Ғайыптың сөздеріне жазылған жақсы әндерін тыңдап, оның көркем сөз поэзиясын қабыл алды.

Студенттік өмірдің бірінші мәдени іс – шарасын институт қабырғасында осындай мерейтойға қатысумен бастаған біздің 1 курс студенттерін құттықтаймыз!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет