Л.Б. Гончаров атындағы КазАДИ-де ғылыми-зерттеу жұмысы «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдар негізінде жүзеге асырылады. Л.Б. Гончаров атындағы КазАДИ ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелеген субъектісі/ұйымы болып табылады (куәлік 28 сәуір 2021ж. № 000090). Ғылыми-зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойыншы жүргізіледі:

  • Өндірісті басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін жобалаау және енгізу (жетекші Ш.Бекмухамбетова);
  • Берілгендерді (ақпаратты) интеллектуалды талдау (жетекші А.Жонкешева);
  • Мониторинг үшін ақпараттық жүйелерді дайындау (жетекші Г.Естемесова);
  • Автомобиль жолдарының және өнеркәсіптік-азамматтық объектілер (нысандар) құрылысы (жетекші А.Сагыбекова);
  • «ВИРАЖ СЕРВИС КАЗАХСТАНА» ЖШС негізінде Алматы қаласы жолаушылар көлігінің паркингтік газдарын зерттеу мониторингісі (жетекші У.Мурзахметова);
  • Мозаикалық (түрлі) беттерді өңдеуге арналған жылтырату және тегістеу машинасының тиімділігін арттыру (жетекші – У.Мурзахметова);
  • Қалалардың магистралді көшелеріндегі жол қозғалысын ұйымдастыруды зерттеу (жетекші Ш.Кобдикова).

«КазАДИ бизнес мектебі» кәсіпкерлер мектебі жұмыс істейді (жетекші Ш.Альмагамбетова).

Кафедраларда студенттерге арналған ғылыми үйырмелер және конструкторлық бюросы бар, СҒЗЖ орындалу нәтижелерінің негізінде КазАДИ стденттік конференцияларына, ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысады.

КазАДИ-де жүргізілетін барлық ғылыми жұмыстарды келесідей жіктеуге болады

Ғылыми-зерттеу жұмысы
Сыртқы көздерден қаржыландырылатын
(ҒЗТКЖ) Ғылыми-зерттеу білім беру өндірістік кешені бойынша қаржыландырылатын және қаржыландырылмайтын
Гранттық
Шаруашылық келісім
Бастамашыл
Үшінші тарап ұйымдарымен ынтымақтастық
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Сыртқы қаржыландыру көздері
Гранттық
Шаруашылық келісім
Ғылыми-зерттеу жұмысы
(ҒЗТКЖ) Ғылыми-зерттеу білім беру өндірістік кешені бойынша қаржыландырылатын және қаржыландырылмайтын
Бастамашыл
Үшінші тарап ұйымдарымен ынтымақтастық

КазАДИ ғалымдарымен шарттық зерттеулер жүргізіледі. Тапсырыс берушілер облыстық және қалалық Әкімшіліктер, ҚР И және ИДМ құрылымдық бөлімшелері.

ҚазАЖИ 19 шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады. ҚазАЖИ -Үкіметаралық жолшылар Одағының (ХЖК) қауымдастырылған мүшесі. ІІМ-нің XXXIV отырысында (2013 жылғы 12 қыркүйек, Дилижан қ., Армения Республикасы) Білім беру кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Білім беру кеңесінің төрағасы болып Беларусь ұлттық техникалық университетінің көлік коммуникациялары факультетінің деканы, т. ғ. д., проф. Бусел А. И., орынбасары – ҚазАЖИ ректоры, т. ғ. д., проф. Кабашев Р. А. бекітілді.

КазАДИ-де 2009 жылдан бастап, аккредиттеу саласына байланысты топырақ, қиыршық тас, жол қоспалары, аэродромдық асфальтобетондар, битумдар, бетондар, цементтер және басқа да құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін анықтайтын сынамалар жүргізетін аккредиттелген (2022ж.) сынама зертханасы жұмыс істейді.

Зертхана жылжымалы жол өлшеу зертханасының кешенімен, қажетті аспаптармен, сынама жабдықтарымен және өлшеу құралдарымен жабдықталған, автомашиналар паркі бар. Көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату үшін сынама зертханасы жоспарланған зертханаішілік сынамалар жүргізеді, «Асфальтолбетон-1» АҚ, «ДОРТРАНС» ҚазҒЗЖИ, «Альянс» ЖИО» ЖШС, «ЖОЛ» ЖШС және басқа құрылыс зертханаларымен жүргізілетін аралық зертханалық сынамаларға қатысады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support