2022 ж.2-12 сәуір аралығында Howest University (Бельгия) вице президенті Фредерик Д’ульстер

2022 ж.2-12 сәуір аралығында Howest University (Бельгия) вице президенті Фредерик Д’ульстер Қазақ автомобиль-жол институтына жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты- серіктес жоғары оқу орындары арасында білім беру жобасын қорытындылау және Erasmus+халықаралық бағдарламасы бойынша алдағы жобаның мақсаттарын белгілеу болды.

Қазақстанда болған кезінде Дульстер мырза ҚазАЖИ қызметкерлері үшін бірқатар семинар-тренингтер өткізді, білім алушылар үшін қонақ дәрістер оқыды. Сондай-ақ, ол жыл сайын Howest University студенттері табысты тағылымдамадан өтетін Алматыдағы ҚазАЖИ серіктестік коммерциялық компанияларына барды.

Howest проректорының 2022 жылғы 6 сәуірде өткен «21 ғасырдағы жоғары білімнің трансформациясы мен ұстанымы» ғылыми-практикалық халықаралық онлайн-конференциясына қатысуы да маңызды болды. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Латвия, Бельгия және Польша елдерінің жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми және педагогикалық қызметкерлері қатысты. Отырысқа 50-ден астам ғалым қатысты, онда әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарында білім беру процесін жетілдіру, Халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері және басқа да көптеген аспектілер талқыланды.

Халықаралық ынтымақтастық жоғары оқу орындары қызметінің өмірлік маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол институттің жұмысын көрсетеді және озық үрдістер мен жаңа білімдерді зерделеу бойынша әлемдік көшбасшылардың стандарттарын белгілейді, оларсыз қазіргі заманғы білім беруді елестету мүмкін емес.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support