2023 жылғы Республика Күні – Л.Б.Гончаров атындағы КазАЖИ-де

2023 жылдың 25 қазанында Еліміз ұлттық мереке – Республика Күнін тойлайды. Бұл тарихи мереке – Қазақстанның егемендігінің бекітілуімен байланысты. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, бұл біздің еліміздің дамуындағы бетбұрыс болды. Декларацияда демократиялық, әлеуметтік бағдарланған және құқықтық мемлекет құру салтанатты түрде жарияланды.
Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында осы мереке – Республика күні қарсаңында., ағымдағы жылдың 24 қазанында осы мерекеге арналған іс-шара өтті!
Шақырылған қонақтар институт ұжымы мен студенттерді Республика Күнімен құттықтады, өз кезегінде, қонақтар институт Ректорының Алғыс хаттарымен марапатталды!
Студенттеріміз би билеп, өлең оқыды және өз құттықтауларын ұлттық аспабымыз домбырада күймен де жеткізді.
Республика күні құтты болсын!!! Бар жақсылық пен сәттілікті тілейміз!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support