Алматы қаласының № 149 мектебіндегі олимпиада

Ағымдағы жылдың 16 наурызында, Алматы қаласы, Алатау ауданының, № 149 мектебінде, 11-сынып түлектеріне арналған «физика-математика» және «география-математика» пәндері бойынша олимпиада өтті Олимпиадаға Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е., «АҚ және ЖП» кафедра меңгерушісі Нурпеисова Т. Б., «КҚ және ҚМК» кафедрасынан Жанакова Р.К., «АҚ және ЖП» кафедрасының физика пәнінің оқытушысы Аутова Г.М. қатысты.

Сонымен қатар, институттың 1 курс студенттері Еркінұлы Алинур, Хамза Сүндет, Камалиева Алина, Темірғазы Гүлім, Бикинин Рамазан, Бораш Ислам қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен іс-шараларда жүлделі орындарға ие болып жүрген жастар, өлең оқып, би билеп, сол арқылы өздерінің қаншалықты жан-жақты, белсенді екендіктерін көрсетті.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support