Ағымдағы жылдың 25 қазанында Алматы қаласы Алатау ауданының № 26 және 149 мектептерінде Л.Б.Гончаров атындағы автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймағамбетова Г.Е. мектептердің әкімшілігімен және 9-11 сынып жетекшілерімен кездесу өткізді. Біздің институт пен аталған мектептер арасында 2023-2024 оқу жылына ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Айта кетерлігі, осы мектептердің базасында 9-11-сыныптарға түрлі пәндер бойынша олимпиадалар, кездесулер, іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.