21 ғасырдың кәсіби және бәсекеге қабілетті жас мамандарын даярлау – институтымыздың маңызды міндеті.
Осы орайда мектеп түлектерімен, білім бөлімдерінің өкілдері және әкімшілігімен, мектеп басшыларымен жоспарлы, мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е. мектеп түлектерімен, білім бөлімдерінің өкілдері – мамандары мен жетекшілерне кәсіптік бағдар беру бойынша келесі аудандарда кездесулер өткізді:
-16.05.2023 ж. – Райымбек ауданында;
-17.05.2023ж. – Кеген ауданында;
-18.05.2023ж. -Ұйғыр ауданында;
-19.05.2023ж. -Панфилов ауданында.
Айта кету керек, бұл ынтымақтастық 15 жылдан бері жалғасып келеді. Кадрларды дайындау, өскелең ұрпаққа мамандық таңдауда көмектесу және қолдау көрсету бойынша бірлескен жұмыс – бірлескен іс-шаралардың басты мақсаты. Сондықтан 2023-2024 оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде, түлектерге институтымызға мамандықтар мен оқуға түсу ережелері туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған білім бөлімдерінің мамандары мен басшыларына Л. Б. Гончаров ат. ҚазАЖИ – ның ректоры Р. А. Кабашевтың атынан Алғыс хаттары табыс етілді.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.