Шахмат турнирі 10.02.2023

2023 жылдың 10 ақпанында ҚазАДИ қабырғасында, ««Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер»» кафедрасының бастамасымен Алматы қаласы Алатау ауданының ҚазАДИ студенттері мен 9-10 сынып оқушылары арасында шахматтан турнир өтті. Турнирге қатысушылардың арасында ААЖК колледжінің студенттері де болды.
Турнирге төрешілер ретінде Kaissa шахмат өнері орталығының тәжірибелі жаттықтырушылары шақырылды:
Дарын Нұрланұлы БЕЙҚҰТОВ – шахматтан спорт шеберіне кандидат, «Қайсса» шахмат өнері орталығының бас директоры;
Сино Насибджонович АМОНБОЕВ – шахматтан спорт шеберіне кандидат, «Қайсса» шахмат өнері орталығының бас жаттықтырушысы.
3 сағат бойына шахмат ойыны болды. Турнирге қатысушылар қарсыластарымен айқаса отырып, шахмат ойынының жан-жақты екенін және бір қарағанда қарапайым көрінетіндей емес екенін көрсетті. Бұл өзін-өзі бақылау, логика, сондай-ақ қарсыласының қозғалысын есептей білудегі жарыс. Ойын үлкен қызығушылық тудырды. Ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Турнир нәтижелерін https://chess-results.com/tnr727842.aspx?lan=11&art=1&rd=7 сайтынан көруге болады.
Жеңімпаздарды және шахмат турнирінің барлық қатысушыларын құттықтаймыз!

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support