«Л. Б. Гончаров атындағы КазАЖИ- дегі Түлек – 2022»

2022 жылдың 08 шілдесіндегі салтанатты да, қуанышты күні, күндізгі бөлімде оқитын барлық мамандықтардың студенттері, өмірлеріндегі ең маңызды құжатты – Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-ді бітіргендері туралы дипломды алу үшін институттың мәжіліс залына жиналды.

Түлектермен болған қуанышты сәтті олардың ата-аналары мен достары, институт ұжымы бөлісті.

Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-дің бірінші проректоры, профессор Г.А. Еспаеваның қолынан түлектерге диплом табысталды.

Айта кету керек, 2022 жылғы 11 түлек қызыл дипломға ие болды, Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ-дің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін түлектер Грамоталармен және 15 ата-ана Алғыс хаттармен марапатталды.

Құрметті, 2022 жылғы түлектер!

Сіздер үлкен, жаңа өмірдің алдында тұрсыздар, сәттілік серіктеріңіз болсын. Сіздердің институт қабырғасында алған барлық білімдеріңіз, дағдыларыңыз алдағы кәсіби өсуіңізге негіз болатынына сенімдіміз.

Құттықтаймыз!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support