Мұғалімдер мейрамы!

Мұғалімдер күні – бәріміздің мектеп кезінен есімізде қалатын әдемі және әсерлі мереке.
Л.Б.Гончарова атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында тамаша кәсіби мереке – Ұстаздар күні қарсаңында, 05 қазанында ағымдағы жылдың осы мерекеге орай арналған іс-шара өтті!
Айта кету керек, бұл іс-шараға біздің студенттер де белсене қатысты – олар қазақтың ұлттық аспабы домбырада – күйлер орындады, ән айтты, өлеңдер оқыды.

Ұстаздарға алғыстар мен ризашылықтар білдіріліп, институтымыздың педагогикалық ұжымы осы тамаша мерекемен құттықтаулар қабылдады, мереке соңында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ автомобиль- жол институтының ректоры Р. А. Кабашевтың және ЖОО- ның құрылтайшыларының атынан ұстаздарға Грамоталарға қоса қаржылай сыйлық табысталды, мерекелік гүлдер де тарту етілді
Ұстаздар күні құтты болсын, әріптестер!!! Бар жақсылықты тілейміз, Сіздерге!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е

 

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support