Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі – Мұқағали Мақатаев!

«Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты М. Мақатаевтың – 91 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн – байқауын «Мұрагер» шығармашылық орталығы ұйымдастырды.

Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев – 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында Хан Тәңірі тауының етегінде дүниеге келген.

Бұл байқауға Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері ағымдағы жылдың 28 қаңтар мен 11 ақпан аралығында қатысып, түрлі номинацияларда өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып, медаль және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, институттың кафедра меңгерушісі Нурпеисова Т.Б. және бас есепшісі Усенова Д.А. «Мұрагер» шығармашылық орталығының «Алғыс хат» марапатына ие болды, ал деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Баймагамбетоваға «Үздік ұстаз» атты диплом табысталды.

Марапаттармен құттықтаймыз!!!!

Студенттерімізге оқуда да, шығармашылықта да табыс пен сәттілік тілейміз!!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support