Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Қазақстанда жыл сайын 1 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Мереке 1996 жылдан бері аталып келеді. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстан Президенті 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл көпұлтты Отанымыз үшін өте қажет достықтың, түсіністік пен келісімнің мерекесі. Осы мереке қарсаңында 2023 жылдың 28 сәуірінде Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында «Қазақстан халқының бірлігі күні!» атты іс-шара өтті. Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ-ның студенттері “Қазақстан халқының бірлігі күнімен” құттықтайды. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің отансүйгіштікке, бейбітшілікке, ұлттық келісімге және басқа халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды қалыптастыру.
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, денсаулық пен табыс, бейбітшілік пен мейірімділік тілейміз. Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.