«Қазақстан халқының бірлігі күні!» Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Қазақстанда жыл сайын 1 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Мереке 1996 жылдан бері аталып келеді. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстан Президенті 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл көпұлтты Отанымыз үшін өте қажет достықтың, түсіністік пен келісімнің мерекесі.

Осы мереке қарсаңында 2022 жылдың 29 сәуірінде Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында «Қазақстан халқының бірлігі күні!» атты іс-шара өтті, оған студенттер қатысып, ұлттық киімдерін киіп, түрлі тілде өлеңдер оқыды, т.б.

Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің отансүйгіштікке, бейбітшілікке, ұлттық келісімге және басқа халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды қалыптастыру.

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, денсаулық пен табыс, бейбітшілік пен мейірімділік тілейміз.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Бейне
Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support