Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер Күні – Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-де

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы көптеген қызықты оқиғалар мен фактілерді қамтиды, олардың ішінде Мемлекеттік рәміздердің тарихы маңызды орын алады.
4 маусым күні – Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні тойланады. Жаңа рәміздер алғаш рет бекітілген 1992 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күн Ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады.
Мемлекеттік рәміздер – Еліміздің мызғымас негіздерінің бірі.
Көк туымыздың алтын күн аясында қалықтаған қыран сұлбасы бейнеленген.
Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Елтаңбамыз барша қазақстандықтардың ортақ үйінің символы іспетті жаңа тәуелсіз Қазақстан Республикасы – мемлекеттің бейнесін әлемге паш етті. Еліміздің әнұраны бар, ол 2006 жылдың қаңтарынан бастап «Менің Қазақстаным» деп аталады.
Осыған орай, Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында, Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-де ағымдағы жылдың 02 маусымында іс – шара өтті, студенттер әнұранды орындап, Мемлекеттік рәміздерді бекіту жұмыстарының қалай жүргізілгені жөнінде, оған Еліміздің үздік зиялы күштері жұмылдырылғаны туралы әңгімеледі.
Құттықтаймыз! Өркендеу, бейбітшілік және мейірімділік тілейміз!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

 

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support