Студенттерді жатақханаға орналастыру бойынша ақпарат

Бірінші кезекте студент оқуға түскенде өтініш жазу барысында жатақханаға мұқтаждығын белгілеп, өтініш жазады (бірінші, екінші және жоғарғы курс студенттері). Өтініш қабылдау аптаның дүйсенбі күнінін жұма күндері сағат 9.00-17.00 аралығында 304 кабинетке қабылдау коммиссиясына өткізуге болады. Сырттан келетін студенттер өтінішті WhatsApp желісі арқылы +77011687086 номеріне қолмен жазылған өтінішті сурет есебінде жіберуге болады.

1-КУРС СТУДЕНТТЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

  1. Сырттан келген баспанаға мұқтаж студент қабылдау комиссиясына, факультет деканатына өтініш білдіреді.
  2. Комиссия шешімінің негізінде оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі декан орынбасары студенттерді студенттер үйіне орналастыру туралы ұсыныс жасайды. 
  3. Студенттер үйінде тұруға рұқсат берілген өтініштің негізінде ҚазАЖИ ректорымен жатақханадан орын алуға байланысты келісім шартқа отырады. Студентбір оқу жылы мезгіліне студенттер үйіне орналастырылады. 
  4. Студенттер келісім шарқа отырған күннен бастап жатақхананың орнын жалға алғандағы ақысы мен депозит есебін төлеуі қажет. Депозит оқу жылыының аяғында 1 (бір айлық есебі ретіде шегеріледі).
  5. Төлем әр айдың 30-31 күніде дейін ҚазАЖИ реквезиттеріне жіберілуі тиіс.
  6. Келесі кезекте ҚазАЖИ ректорымен келісім-шарттың негізінде отырып, студенттер үйінен орын алуға ордер алған студент бес күн ішінде студенттер үйіне орналасуы тиіс немесе себепті жағдайлар болса, орналасу мерзімін ұзарту жөнінде факультет басшылығына ескерту керек. 

ЖОҒАРЫ КУРС СТУДЕНТТЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

  1. Жеңілдігі бар студенттерге жатақханаға орналасу үшін (жетім балалар, мүгедектер, ата-анасының екеуі де мүгедек, үздік студенттер, олимпиадалар мен универсиадалардың жүлдегерлері, үкіметаралық келісім бойынша шетелдік студенттер) арнайы жағдайлар қарастырылады.
  2. Өткен оқу жылында тұрған студенттер жүйеде жеңілдіктер бойынша сараланады.
  3. Шартты түрде жоғарыда көрсетілген негізгі студенттерді орналастыру тәртібіне сай келісім шартқа отыруға міндетті.

ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛҒАН СТУДЕНТТЕР

  1. Студенттің парақшасына оның өтініші бекітілгені туралы хабарлама келеді. Студент ордерді басып шығарып, жатақхана меңгерушісіне барады.
  2. Жүйе автоматты түрде студентке орын бөледі, студент тұру ақысын төлейді, жатақханаға орналасады және бекітілген мерзімде медициналық тексеруден өтуі керек.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс тел: +7 7014182460 (Автокөлік факультетінің тәрбие жөніндегі ісі бойынша орынбасары Баймаганбетова Гульнар Еркановна)

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support