Студенттеріміздің «Абай оқулары» мен «Мақатаев оқулары», «Пушкин оқулары» мен «Есенин оқулары» атты байқауларына қатысуы

Ағымдағы жылдың 04 қыркүйегі мен 17 қараша айлары аралығында Ақтөбе қаласында «Халықаралық тәрбиешілер мен зияткерлік балалар ғылымдар академиясы» ҚҚ «Абай оқулары», «Мақатаев оқулары», «Пушкин оқулары» және «Есенин оқулары» атты онлайн-байқауын өткізді.
Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері де белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салып, онлайн-байқауға қатысты.
Онлайн-байқаудың қорытындысы бойынша институтымыздың студенттері жүлдегер атанып, дипломдармен марапатталды.
Студенттеріміз I орынға және II орынға ие болды.
Сонымен қатар дарынды да, өнерлі жастардың шығармашылығын дамытуға, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының пәндер оқытушылары – орыс тілінің оқытушысы Тулеушева Ж. А., қазақ тілінің оқытушысы Рыскельдиева Г. Д., деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е. қордың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Өнерлі студенттеріміздің жеңісі мен жетістіктері құтты болсын!!!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support