Студенттермен жатақханада кездесу.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Г.Е. Баймағамбетова жалпы тәртіп Ережелерінің сақталуын бақылау, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында жатақханада тұратын студенттермен кездесті.

Студенттермен ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік техникасы, газ және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі, жатақхана мүлкін ұқыпты ұстау, тазалық сақтау туралы ақпарат беріліп, әңгіме жүргізілді.

Айта кету керек, жатақханада біздің институт студенттерінің тұруына, өздігінен білім алуына және демалуына барлық жағдай жасалған.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support