Үгіт- насихат жұмысы 2023 жылдың 16 ақпанында

2023 жылдың 16 ақпанында Алматы қаласының Автомеханикалық колледжінің түлектерімен Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е. жетекшілімен және “ККК ж/е К” кафедрасының профессоры Мусин К. С., және “КҚ және ҚМК” кафедрасының доктор PhD Жанакова Р. К. қатысуымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өтті.
Түлектерге мамандықтар және институтқа түсу ережелері мен талаптары туралы ақпарат берілді.
Айта кету керек, студенттер өте мұқият болып, қызығушылық танытты, сұрақтар қойып, белсенді болды. Түлектер техникалық және басқа да мамандықтарға көңіл бөлді.
Сонымен қатар, Автомеханикалық колледжінің түлектері, біздің институттың студенттері атанған – Карабанов Даниил, Еркенжанов Ислам, Бектасов Марлен, Теплых Егор, Кравченко Сергей осы кездесуге қатысып, оқу жөнінде өз ойларын білдіріп, таңдаған мамандықтары жайлы әңгімелеп, студенттік өмірлерінің қызықтарымен бөлісті.
Автомеханикалық колледжінің директоры – Рахманов Темирбек Ануарбекович, кураторы – Толумбекова Сауле Нурлановна, Бахтыбаева Зайра Жабыковна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ – ның Ректорының Алғыс хатымен марпатталды.

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support