Үгіт- насихат жұмысы 2023 жылдың 20 ақпанында

2023 жылдың 20 ақпанында Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Е. Баймагамбетова және “АЖ”мамандығының 1 курс студенті Сағымбай Асел, “ТЖҚҰ” мамандығының 2 курс студенті Даниил Рахымжан, Карасай ауданы, Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Қ.Сатпаев атындағы мектебінде, мектеп бітіруші түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – мамандық таңдауда көмек беру.
Түлектерге мамандықтар және институтқа түсу ережелері мен талаптары туралы ақпарат берілді.
Айта кету керек, оқушылар өте мұқият болып, қызығушылық танытты, сұрақтар қойып, белсенді болды. Түлектер көбірек техникалық мамандықтарға көңіл бөлді.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support