Қабашев Рахымжан Әбілқасымұлы – «Казахский автомобильно-дорожный институт (КазАДИ) им. Л.Б. Гончарова — www.kazadi.kz

Қабашев Рахымжан Әбілқасымұлы

Лауазымы, жұмыс орны, қызметі (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, Министрліктің, мемлекеттік комитеттің нақты атауын көрсету): Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты» (ҚазАЖИ) Ректоры

Білімі: жоғары

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнайы атағы: техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық көлік академиясының академигі, Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университетінің (МАДИ) құрметті профессоры

Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: Республикаға сіңірген зор еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, 2009 жыл; «ПАРАСАТ» ордені, 2016 жыл.

Жалпы еңбек өтілі: 57 жыл

Саладағы жұмыс өтілі: 51 жыл

Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 18 жыл

Марапатталушының нақты ерекше сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:
Р.Ә. Қабашев еңбек жолын жол техникасын жөндеу бойынша слесарь болып бастады. Ол 1963 жылы Томск инженерлік-құрылыс институтын (Қазіргі Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетін (ТМСҚУ)) бітіріп, «Құрылыс, жол машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша инженер-механик біліктілігін алды. ТМСҚУ-ін аяқтағаннан кейін Қ. И.Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинатында (қазіргі «Қазақмыс») желілік механик, конструктор, топ жетекшісі ретінде жұмыс атқарды.  № 51, № 55 шахталарда өздігінен жүретін жабдықты: БПД жерасты бульдозерін, ВСД-10 өздігінен жүретін вагонын, үлкен жүк көтергіштігі бар автосамосвалдарды жөндеу үшін КСД-1 дөңгелекті түсіргішті және басқа да тау-кен жабдығын әзірлеуге және енгізуге тікелей қатысты.

1968 жылы Р.Ә. Қабашев Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университетінің (МАДИ) күндізгі аспирантурасын бітірді. 1987 ж. Р.Ә. Қабашев Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінде (ММҚУ) докторлық диссертациясын қорғады. Оның ғылыми-педагогикалық қызметі инженерлік кадрларды даярлаумен және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі ғылыми жұмыспен байланысты (1969-1980 ж.ж.), Қазақ сәулет-құрылыс академиясында (1980-1990 ж. ж.), Алматы автомобиль-жол институтында (1990-1996 ж. ж.), М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында (1996-2000 ж. ж.) декан, бірінші проректор қызметтерін атқарған.

1974-1976 жылдары шетелде Тунис Республикасы Тунис жоғары Ұлттық Инженерлік мектебінде (ENIT) декан, доцент болып жұмыс істеді, француз тілінде сабақ берді.

Профессор Р.Ә. Қабашев ТМД елдерінің автожол кешені саласында жоғары кәсіби білім беруді жетілдіру және дамыту бойынша үйлестірілген іс-қимылдарды жүзеге асыратын Үкіметаралық жолшылар кеңесі (ҮЖК) жанындағы білім беру Кеңесі төрағасының орынбасары болып табылады.

Қазіргі уақытта профессор Р. Ә. Қабашев 2001 жылдан бастап Л. Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ректоры болып табылады. Республика алдында келесідей ерекше еңбектері бар:

– құрылтайшы ретінде, оқу процесін сапалы қамтамасыз етудің біліктілік талаптарына сәйкес келетін ҚазАЖИ және Алматы автомобиль-жол колледжінің (ААЖК) құны 616 000 000 теңгеден жоғары материалдық базасын құрды. Алматы қаласының Алатау ауданында 6 га., алаңда кампустың құрылысы жүріп жатыр, 501 041 191 теңге игерілді. ҚазАЖИ мен ААЖК-де оның басшылығымен 2 000 студент және 750 оқушы оқиды, 500-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.

ҚазАЖИ 2016 жылы 5 жыл мерзімге институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. ААЖК 2018 жылы 5 жыл мерзімге институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Жоғары білімді 10 000-нан астам және орта кәсіптік білімді 3 411 маман шығарылды; Қазақстанның шаруашылық қызметін саралау нәтижесінде мекеменің ресми статистика деректеріне сәйкес «Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы» «Сала көшбасшысы 2014» Құрметті атағына ие болды, ал оның басшысы Р. Ә. Қабашев құрылыс саласындағы экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайтуға қатысты ерен еңбегі үшін «Қазақстан экономикасы даңқы жұлдызы» орденімен марапатталды.

Р. Ә. Қабашев ҚазАЖИ-ге дуалды білім беруді енгізуге мүмкіндік берген, Қазақстанның автожол саласының 20-дан астам кәсіпорындары мен мекемелерін біріктіретін Ғылыми-инновациялық білім беру-өндірістік кешенін (ҒИБӨК) құрды; «Howest-ҚазАЖИ университетінің» Қазақ –Бельгиялық ғылым және білім беру қауымдастығы құрылды, оның президенті болып профессор Р. Ә. Қабашев сайланды; автожол саласының 13 жетекші білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық келісімдер жолға қойылған: МАДИ МТУ (Мәскеу қ.), Резекне университеті (Латвия), СибАДИ (Омбы қаласы), Ташкент автомобиль-жол институты, Гент университеті (Бельгия), Дегендорф университеті (Германия), Ататюрк атындағы университет (Түркия), Силезия техникалық университеті (Польша), Корей автомобиль институты (АДЖУ) және т.б.; Академия ТМД Жолшылар Үкіметаралық кеңесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады;

– профессор Р.Ә. Қабашев ҚР ЖАК механика және машина жасау бойынша Сараптамалық кеңестің төрағасы болып жұмыс істеді, 20 жыл бойы ОД 14.11.01 докторлық кеңесін басқарды, онда 99 докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды, оның ішінде Ресей, Германия, Иордания, Кампучия, Өзбекстан, Қырғызстан бар. Бүгінгі таңда ол 12 техника ғылымдарының докторы мен 18 кандидатын, 200-ден астам магистрант пен инженерлерді дайындады, олар Қазақстанның және алыс және жақын шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарында, кәсіпорындарында жұмыс істейді. Р.Ә. Қабашев «Жер қазатын машиналардың жұмыс органдарының тозуы» және «Көтергіш-көлік, құрылыс және жол машиналарының параметрлерін болжау» ғылыми мектептерін құрды. Еліміздің зияткерлік меншігі болып табылатын Қазақстан Республикасының 350-ден астам ғылыми еңбектерінің, 30 өнертабысы мен патенттерінің, оның ішінде 15 монографияның, жоғары оқу орындарына арналған орыс және қазақ тілдеріндегі оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес шығарылған қазақ-орыс, орыс-қазақ терминологиялық сөздігінің 8 томының авторларының бірі. Соңғы 5 жылда ол 18 оқу құралы мен мақала жариялады, 4 патент алды.

– Аталмыщ тұлғаның бастамасымен жерасты бульдозері, соқалы үлгідегі шөміші бар скрепері, экскаватор тістерінің алмалы-салмалы ұштықтары, материалдарды тозуына сынауға арналған екі қондырғы, автомобиль жолдарын мұздан тазартуға арналған жұмыс органы, асфальт бетон жабындарын қайта пайдалануға арналған машиналар мен жабдықтар, сел мен сырғымаларды шығаруға арналған арнайы мақсаттағы машиналарды, ДЦ-1КЛ ұсатқышты, бейімдеуші жұмыс органдары бар жол тегістегіштер, НЦ-1кл қол машинасы, сұйық көктайғаққа қарсы реагенттерді дайындауға және сақтауға арналған қондырғы және т. б. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында әзірленген және енгізілген.

-Р.Ә. Қабашев Қазақстанның жергілікті жолдарын паспорттау және техникалық тексеру ҚР БҒМ бағдарламалары бойынша 300 млн. теңгеден астам сомаға ғылыми-зерттеу және шаруашылық келісім-шарт жұмыстарының басшысы және тікелей орындаушысы болып табылады. ҚР МТК кәсіпорындарының автомобиль жолдарының 50-ден астам паспорты дайындалды.

-Р.Ә. Кабашевтің ғылыми жұмыстары халықаралық деңгейде мойындалды, ол Ресей, Украина, Германия, Франция, АҚШ, Финляндия, Қытай, Жапонияда өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда бірнеше рет сөз сөйледі, неміс және француз тілдерін еркін меңгерген.

Р. Ә. Қабашев ұзақ және адал еңбегі үшін марапатталған:

– «Еңбек ардагері» медалімен;

– «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен;

– «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» наградалық белгісімен;

– «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен;

— «П.П. Мельников атындағы»  МАТ медалімен;

— «ТМД құрметті жолшысы» медалімен;

— «Л.Б. Гончаров атындағы» – РОО Союз Дорожников медалімен;

— «Даңқ Жұлдызы. Қазақстан Экономикасы» орденімен;

— «Парасат» орденімен, 2016.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттары, Алматы қаласының әкімі А. С.Есімовтың, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Б. С. Манзоровтың, Жолшылар Үкіметаралық кеңесінің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автошеруін ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және көмек көрсеткені үшін Алғыс хаттары және Құрмет грамоталары бар (27.08.2013 – 07.09.2013 ж. ж.); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 ж. ҚазАЖИ «Сала көшбасшысы 2014» құрметті атағына ие болды; «ТМД еңбек сіңірген жолшысы» атағымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 2018ж.

Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ресми статистикасының деректеріне сәйкес Қазақстанның шаруашылық қызмет субъектілерінің толық тізбесін саралау нәтижелері бойынша. басшылық еткен Р.Ә.Қабашевпен «Корпоративтік табыс салығы» критерийіне сәйкес «Сала көшбасшысы 2014» құрметті атағы берілді.

1991-1994 жылдары Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан партиясының мүшесі» Қазақстан жолдары «Бастауыш партия ұйымының» төрағасы болды. Нұр Отан партиясы Алатау аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы – Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы – «Индустриалды дамыған, демократиялық ел».

Хоббиі – спорт. Сүйіп оқитын шығармалары, А. Құнанбаев, А. С. Пушкин.

Үйленген. Жұбайы – Қабашева Роза. Ұлдары – Мақсат, Асхат; қызы – Мерей; немерелері – Мадис, Айлана, Абылай, Зере, Тала, Дарен, Дәуіт, Идрис.

Версия для слабовидящих
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support