«Дау-дамай және жанжал жағдайларды шешу» тақырыбында эмоционалдық құзыреттілікті дамытуға арналған мастер-класс. 

ЖОО студенттері мен оқытушыларының психологиялық сауаттылығын арттыру және психологиялық денсаулықты алдын алу мақсатында 2023 жылдың 19 қазанында ҚазАЖИ  қабырғасында қонақ спикердің қатысуымен мастер-класс өтті. Шеберлік сыныбы «Дау-дамай және жанжал жағдайларды шешу» тақырыбында эмоционалдық құзыреттілікті дамытуға арналған.

Мастер-классты қонақ спикер – сертификатталған гештальттерапевт, нейропсихолог, танатотерапевт, денеге бағытталған психотерапевт, Қазақстан психологтары қауымдастығының және Онлайн психотерапия институтының тренері және жетекшісі С.Челиатиди өткізді.

Өзекті де қызықты тақырып, спикер мен аудитория арасындағы қызу диалог, шеберлік сыныбына қатысушылардың өмірінен алынған мысалдарды талдау – осының барлығы қызықты әрі танымдық атмосфераны құруға ықпал етті. Тыңдаушылар тек білім ғана емес, сонымен қатар практикалық қарым-қатынас дағдыларына ие болды, олардың көмегімен олар өмірінің әртүрлі салаларында – отбасында, жұмыста немесе оқуда қарым-қатынастарын жақсарта алады; және жанжал жағдайларды шешуді ғана емес, олардың пайда болуының алдын алуды да үйренуге мұмкіншілігі болды.

Шеберлік сабағының соңында тыңдаушылар мен қатар тәрбие ісі жөніндегі проректор Р.Қ.Жанақова мазмұнды да қызық мастер-класс үшін спикерге және институт психологы Г. С. Мамырқановаға өз алғыстарын білдірді.

 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support