«Топ-аралық қарым-қатынас» атты тұлғалық даму тренингі өтті.
2024 жылдың 15 наурызында KazADI психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс студенттерімен «Топ-аралық қарым-қатынас» атты тұлғалық даму тренингі өтті.
Тұлғаны дамыту тренингі (Би-психологиялық тренинг) – жеке тұлғаның және шығармашылық әлеуетін дамытуға, жеке тұлғаның эмоционалдық және физикалық денсаулығының алдын алуға арналған топтық сабақ.
- «Өзіңе сен! Believe in yourself! Поверь в себя!» атты би-психологиялық тренинг 12.10.2023 ж., 10.17.2023 ж. және 11.14.2023 күндері Эк, ЕжА, ЖҚҰ,АЖ, АҚМ, АЛжТҰ мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттері арасында өтті. Тренинг тақырыбы Би-қимыл терапиясы сияқты практикалық психология бағытының әдістері арқылы ашылады. Сабақтар шығармашылық өзара әрекеттесу атмосферасында өтеді. Тренинг барысында сіз өзіңіз және басқалар туралы жаңа білім алуға, әлеуметтік және коммуникациялық дағдыларды дамытуға мұмкіншілік аласыз.
- «Бейнеленген эмоциялар. Embodied Emotions.» тақырыбындағы би-психологиялық тренинг 2023 жылдың 15 қарашасында және 2023 жылдың 16 қарашасында АЛжТҰ, АҚ, АЖжА, ЕжА, мамандықтары бойынша қазақ және орыс топтарының 1-ші, 2-ші және 3-ші курс студенттер арасында өтті. Бұл тренинг жеке тұлғаның эмоционалдық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, оның барысында сіз өзіңіздің эмоцияларыңызды тануды үйренуге және оларды реттеу дағдыларын үйренуге мүмкішілігіңіз болады. Қазіргі әлемде эмоциялық реттеу дағдылары тиімді қарым-қатынас пен эмоционалды интеллектті дамыту үшін маңызды.