ҚазАЖИ-дың сынақ зерханасы 2009 жылы құрылды. Ол ТЕХНОПАРК құрамында Л.Б. Гончаров атындағы «Қазақ автомобиль-жол институтының құрамдық бөлігі болып саналады.
Сынақ зертханасы (СЗ) – жол- құрылыс материалдары мен жұмыстардың сапасын бақылауға және сараптамалар жасауға инженерлік қызметтер атқарады.
2015 жылы СЗ ISO/IEC 17025 IDT халықаралық стандарттарына сәйкес ҚР Ұлттық аккредитациялық орталықтан аккредитациядан өтті.
СЗ өзінің қызметтік аумағы бойынша келесідегідей көрсеткіштер бойынша сынақтар жүргізеді: топыраққа, құмға, қиыршық тасқа, жол және аэродромдық асфальт бетон қоспаларына, битумға, цемент пен басқа материалдарға.
ҚазАЖИ сынақ зертханасы инженерлік қызметтерді келісім-шарт негізінде келесідегідей мекемелерге көрсете алады:
– мемелекетттік және жеке тапсырыстарға;
– техникалық бақылаушы;
– автомобиль жолдарына техникалық есепке алу және сараптамалық зерттеулер.
СЗ басшылық жүйесі Тапсырушуының негізгі қызметтік аумағында, одан тыс жерлерде және уақытша немесе жылжымалы орындарда өзінің инженерлік қызметтерін көрсете алады.
Бұл мақсатқа жету үшін ҚазАЖИ СЗ жоғарғы біліктілікті, өз ісін, номативттік- техникалық құжаттарды, менеджмент жүйесіндегі құжаттарды, тиісті құрал-жабдықтарды, сынақ және өлшеу құралдарын жете меңгерген мамандар қабылданады.
ҚазАЖИ зертханасы автомобильдер пармен, КП -514 және СМП-03 жылжымалы жол-сынақ зертханасымен жабдықталған. Жылжымалы зертхана жабдықтары Ресей Газ-2705 базасына орнатылған.
КП 514 негізіне жататын құрал-жабдықтар:
– жол жамылғысының ілініс коэффициенті мен тегістікті бақылау құралы;
– ұзындықты өлшейтін арнайы дөңгелек;
– жолдың геометриялық параметрлерін өлшейтін әмбебап рейка;
– ПМ-050 жол төсемдерінің қабаттарының беріктігін өлшейтін құрал (пресс-штамп);
– ПД-2,5 және МАДИ-ЦНИИЛ жол жамылғысының майысу модулін өлшейтін құрал;
– жол жамылғысының беттік тегістігін өлшейтін ИР-2 және ТЭД-2М электронндық көрсеткішті құрал;
– жол жамылғысының ілініс коэффициентін анықтайтын ИКСп жиналмалы аспабы;
– жол жамылғысының сараптауын өлшейтін ИК-2М құралы;
– топырақ төсем қабатының тығыздығын оны қазбай анықтайтын ДПГ-1,1 және ДПГ-1,2 құралы.
Ұсынылған қызметтердің сапасын жоғарғы деңгейде ұстау үшін СЗ ішкі зертханалық сынақтар немесе бір-біріне қатыссыз сынақтар жүргізе алады. Олардың ішінде, дәлірек айтсақ, «Дортранс» ҚазҒЗ және ЖИ, «Асфальтбетон-1» АҚ, «ИПЦ «Альянс» ЖШС, «Жол»ЖШС және басқа да құрылыстық зертханалар, сонымен қатар, жоғарғы кәсиби деңгейдегі зертханалық провайдердің қатысуы.
ҚазАЖИ зертханасы 2011-2022 жылы бірқатар нысандарда жол-сынақ зерттеулерін үздіксіз жүргізіп келеді, солардың ішінде:
– «Қарабұлақ – Комсомол–Денисовка–Рудный–Қостанай» автожолының 458 км –темір жолдан өтпе көпірінің тыңғылықты жөндеу жұмыстарына техникалық бақылау жүргізу;
– Талдықорған қаласындағы көше жолдарының орта және тыңғылықты жөндеулеріне техникалық бақылау жургізу;
– «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол жамылғысын бақылау жұмысына коммерциялық негізде қызмет көрсеттер атқарды және жекеленген телімдерде техникалық бақылау жүгізу;
– «Шиелі-Тайқоңыр» автожолының 62-152 км телімінің қайта салуына техникалық бақылау жүргізу (тапсырушы «Казатомпром» АҚ);
– «Жуантөбе-ПВ19» автожолының тыңғылықты жөндеу жұмыстарыны техникалық бақылау жүргізу. Жалпы ұзындығы 120 км (ОҚО, тапсырушы «Казатомпром» АҚ)
– «Қанжуған кеншары-Мойынқұм кеншары» автожолының (38 км, ОҚО, тапсырушы «Казатомпром» АҚ) тыңғылықты жөндеу жұмысына техникалық бақылау жүргізу;
– Түркістан облысының жол аумағы руднигі алаңдарының бұрғылау үшін уақытша жолдар құрлысын техникалық бақылау жүргізу («Казатомпром» АҚ).
ҚазАЖИ сынақ зертханасы өз студентерінің технологиялық және оқу практикалық жұмыстарын өткізуге арнайы база ретінде де пайдаланылады.
Қатынас телефоны: +7 777 115 02 02