Метрология, стандарттау және сапаны басқару, Газ және сұйықтық механикасы, гидро-пневможетектер
Профессор, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық көлік академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ автомобиль-жол институты (КазАДИ) Ректоры
Техника ғылымдарының докторы, прфессор, Халықаралық көлік академиясының академигі.
Көлік жабдықтары және тасымалдауды ұйымдастыру
Email: kazadi@kazadi.kz
Ғылыми-зерттеу жұмысы мен оқу саласының сипаттамасы:
1963 жылы «Құрылыс, жол машиналары және жабдықтау» мамандығы бойынша инженер-механик біліктілігін алып Томск инженер-құрылыстық институтын (қазіргі Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (ТМСҚУ).
1968 жылы Мәскеу мемлекеттік техникалық автомобиль-жол университеті (МАЖИ) аспурантурасының күндізгі бөлімін бітірді.
1987 жылы Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінде (ММҚУ) докторлық диссертациясын қорғады. 25.03.1988 жылы техника ғылымдарының докторы дипломын/атағын алды.
Оның ғылыми-педагогикалық қызметі: (1969-1980 ж.ж.) Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, (1980-1990 ж.ж.) Қазақ сәулет-құрылыс академиясында, (1990-1996 ж.ж.) Алматы автомобиль-жол институтында, (1996-2000 ж.ж.) М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында, декан және біріші проректор қызметтерін атқарған инженерлік кадрлерді дайындау және ғылыми жұмыспен байланысты.
Метрология, стандарттау және сапаны басқару, Газ және сұйықтық механикасы, гидро-пневможетектер
Қазақ, орыс тілдеріндегі 15 монография, оқулықтар және оқу құралдары 400-ден аса ғылыми еңбектер, 30 өнертабыс және еліміздің зияткерлік меншігі болып табылатын Қазақстан Республикасының патенттерінің авторы. Ол Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Пезидентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту және жетілдіру мемлекеттік бағдарламасы» сәйкес басып шығарылған қазақ-орыс, орыс-қазақ терминологиялық сөздігі 8-томының авторларының бірі; Соңғы 5 жыл көлемінде 18 оқу құралдары, мақалалар жарияланды және 4 патент алынды.
Марапаттары:
– «Еңбек ветераны/Ветеран труда» медалі;
– «Қазақстан Республикасы Білім үздігі» төс белгісі;
– «Қазақстан Республикасы ғылымы дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісі;
– «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы;
– МАТ «П.П.Мельников атындағы» медалі;
«ТМД құрметті жолшысы» медалі;
– «Л.Б.Гончаров» – РОО Жолшылар Одағы медалі;
– «Қазселденқорғау 40 жыл» ҚР ТЖМ Мерейтойлық медалі;
– «Д.А. Қонаев 100 жыл» медалі;
– «Звезда славы. Экономика Казахстана» Ордені;
– «Парасат» Ордені;