«Қош келдің, Наурыз!» – 2023

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді және наурыздың 21 – нен 22 – не қарағанда – көктемгі күн мен түн теңеледі. Наурыз мерекесі бір ай тойланады.
Қазақстан Республикасында Наурыз 1991 жылы ресми мерекеге айналды.
Наурыз – жаңа өмірдің оянуы мен молшылықтың мерекесі.
2023 жылдың 21 сәуірінде Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының ұжымы «Қош келдің, Наурыз!» атты тамаша да, керемет бейбітшілік пен көктем мерекесін қарсы алды.
Мерекелік бағдарлама, ән, би, сайыстар болды, сонымен қатар кең дастархан да жайылды. Институттың көпұлтты ұжымы Наурыз мейрамын, табиғаттың көктемгі жаңғыруын көңілді, әдемі, қуанышты және татулықпен қарсы алды!
Осындай іс-шаралардың тәрбиелік бағытының негізгі мақсаты мен міндеттері – ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру арқылы студенденттерімізді әртүрлі халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекесінің жеңімпаздары, сонымен қатар белсенді қатысушылар институтымыздың Грамоталарымен марапатталды.
«Қош келдің, Наурыз!» мейрамына қатысып, белсенділік танытқан институтымыздың барлық ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызға бейбітшілік, мейірімділік, бақ-береке, молшылық, көктемгі көңіл-күй тілейміз!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support