КазАДИ докторантураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындық жүргізеді:
8D071 — Инженерия және инженерлік іс
8D07103 — Көлік, көлік техникасы және технологиялары
8D073 — Сәулет және құрылыс
8D07303 — Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы
8D113 — Көлік қызметтері
8D11305 — Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
  1. PhD докторантураға түсетін адамдарға қойылатын талаптар: “Магистр” академиялық дәрежесінің және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілінің болуы.

 

  1. Докторантураға түсушілерден өтініш қабылдауы, қабылдау комиссиялары арқылы және (немесе) келесі мерзімдерде ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі:

 

1.күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;

2.күнтізбелік жылдың 25 қазанынан 18 қарашасына дейін.

 

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау емтихандары келесі мерзімдерде жүргізіледі:

  • күнтізбелік жылдың тамыз айының 4-нен 20-на дейін;
  • күнтізбелік жылдың қарашаның 19-нан желтоқсанның 11-не дейін.

 

  1. Докторантураға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:
  • еркін нысандағы өтініш;
  • білім туралы құжат (түпнұсқасы, қабылдау комиссиясы арқылы құжаттар тапсырғанда);
  • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  • мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат/куәлік (КАЗТЕСТ), ҰТО берген;
  • шетел тілін білетінін/меңгергенін растайтын сертификат/куәлік;
  • № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілгген, электронды форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама. (Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!)
  • өлшемі 3×4 сантиметр алты фотосурет;
  • жұмыс орны бойынша кадр қызметімен бекітілген, еңбек өтілін растайтын жеке есеп парағы немесе басқа құжат;
  • соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі, зерттеу жүргізу жоспары;
  • алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша).

 

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда –  ҚазАЖИ-ның қабылдау комиссиясы оқуға түсуші тұлғалардан  құжаттарды қабылдамайды

 

  1. Докторантураға қабылдау емтиханы компьютерлік форматта келесі блоктардан тұрады/құрылады:
  • ЖЖОБҰ емтихандық комиссиясымен жүргізілетін, докторантураға түсушімен сұхбат;
  • эссе жазу;
  • докторантурада оқуға дайындықты анықтауға тест (ары қарай – ОДТ);
  • білім беру бағдарламасы тобы профилі бойынша емтихан сұрақтарының жауабы.

 

Докторантураға қабылдау емтиханына 4 сағат 20 минут уақыт беріледі (260 минут), оның ішінде:

  • сұхбатқа – 20 минут;
  • ОДТ-ға – 50 минут;
  • эссе және білім беру бағдарламасы тобы профилі бойынша емтихан сұрақтарының жауабын жазуға – 190 минут (3 сағат 10минут).

 

Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға “Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда 60 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

 

Толығырақ осы сілтеме бойынша   https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-doktoranturu/format-vstupitelnogo-ekzamena-dlya-postupleniya-v-doktoranturu/

 

Кез келген сұрақ? Кері байланыс сұрауын қалдырыңыз
Хабарландыру:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 410-VI «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес жас мамандарды даярлау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2021 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді).

2021 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекет есебінен білім алған бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 3 (үш) жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті. Түлектер меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мамандығы бойынша белгіленген мерзімде жұмыс істей алады.

Гранттарды игеру туралы ақпаратты жедел алу үшін ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ дамуы мен бағдарламалары туралы барлық қажетті ақпаратты беретін Telegram-да ҚР БҒМ FINCENTER ботын пайдаланыңыз.

FINCENTER BOT ашу

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support