Біздің институт студенттерін отансүйгіштікке тәрбиелеу қашанда маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Патриоттық тәрбие туған жерге, елге, оның табиғатына, ұлттық және төл мәдениетіне, ерлікпен өткен тарихқа деген сүйіспеншілік деп түсініледі. Бұл бағытта Ұлы Отан соғысының тарихи мұрасына негізделген патриоттық тәрбиенің алатын орны орасан.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 12 мамырында Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының студенттері, институттың Бірінші проректоры, профессор Л.Б. Еспаева Г.А. және деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймағамбетова Г.Е. жетекшілігімен Алматыдағы 1965 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 28 Панфиловшылар саябағында орналасқан Мемлекеттік әскери – тарих мұражайында болды.
Мұражайды Мәскеу түбіндегі шайқастың батыры, аты аңызға айналған генерал Иван Панфиловтың немересі Байқадамова Алуа Бақытжанқызы басқарады. Коллекцияның едәуір бөлігін 1941 жылы шілдеде Алматыда құрылған бөлімшенің тарихына арналған экспонаттар құрайды. Мұражайдың экспозиционерлері – И.М.Черданцев пен А.Еренов.
Студенттеріміз мұражай экспонаттарымен танысып, барлығымыз үшін құнды дүниелер мен заттарды көрді, батырларымыздың тарихи өткені туралы қызықты мәліметтерді тыңдады.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.