ҚазАЖИ – де «Ғажайып би әлемі!»

Бидің адам өміріндегі маңызы орасан зор. Адамзат дамыған сайын билер бағытын, қозғалысын, ырғағын өзгертті. Қазір жер бетінде бидің көптеген түрлері мен стильдері бар. Би адамға сезім мен эмоцияны білдіруге мүмкіндік береді.
Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында 2023 жылдың 07 сәуірінде «Ғажайып би әлемі!» атты байқауы өтті, онда тамаша би мерекесі, институтымыздың студенттері мен оқытушыларының қуанышты би көңіл-күйі болды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы 3 жүлделі орынды және келесі «Көрермен көзайымы биі», «Ең нәзік биі», «Ең харизматикалық биі» номинацияларын анықтады.
Барлық жеңімпаздар Мадақтаулармен, ақшалай сыйлықтармен және тәттілермен марапатталды.
Айта кетерлігі, студенттеріміз өздерінің қаншалықты белсенді, жан-жақты екенін тағы да көрсете білді.
Керемет ғажайып би әлемінің жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support