«Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі

2023 жылдың 03 қарашасында Алматы қаласының “Алатау” мейрамханасында Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ – ның 1 курс студенттерін институтымыздың «Студенттер қатарына қабылдау» атты маңызды да, қызықты іс-шарасы өтті.
Бұл іс-шараны институтымыздың белсенділері және 2, 3 курс студенттері, сонымен қатар Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырды.
«Студенттер қатарына қабылдау» мерекесіндегі ойындар, билер, сайыстар, көңілді де, көтеріңкі көңіл-күй, құттықтаулар, ұстаздар мен студенттердің тамаша бірлігі көпке дейін есте сақталатын болады. Бұл іс -шараға 2-курс студенттері концерттік бағдарлама дайындады. Құрылтайшылардың атынан жаңа студенттерімізге “КазАЖИ” деген атауымен бас киім – кепкалар сыйға тартылды. Осы мерекеге орай кең және дәмді дастархан жайылды.
Институтымыздың студент жастарының қатары көбейіп жатқанына қуаныштымыз, сәттілік тілейміз. Құттықтаймыз!

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г. Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support