Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-да “Жігіт сұлтаны” – 2023 сайысы

Біздің білім ордамыздың мақсаты мен міндеті анық және айқын – болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жастардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар жанжақты, білімді де, абыройлы мамандарды дайындау.
Осыған орай, 2023 жылдың 03 наурызында, Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ-да тәрбиелік маңызы зор іс – шара ретінде “Жігіт сұлтаны” атты жастық жалын мен жігердің, шығармашылық пен өнердің сайысы өтті.
Қазақстан өнер жұлдыздарының шығармашылығы туралы мәліметтерді беру және айту, өзін – өзі таныстыру, интелектуалды сұрақтарға жауап беру – жігіттер бойындағы өнері мен тапқырлығын, білімі мен ер жігітке тән қасиеттерін ортаға салып, көрсете білді.
Сайысты әділқазылар алқасы саралап, таразылап, жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын берді.
Сайыстың қорытындысы бойынша жігіттер сегіз номинация бойынша жүлделі болды:
1.Сейлов Айқын – «Жігіт Сұлтаны»
2.Әділбекұлы Байкелді- «Өнерлі Жігіт»
3.Төлеген Дулат- «Алғыр Жігіт»
4.Дәуір Нұрали- «Сымбатты Жігіт»
5.Серазиев Ильхам- «Көрермен көзайым Мистері»
6.Чернов Андрей- «Көркемөнер Мистері»
7.Бегманов Сұлтан- «Білімді Мистер»
8.Калдыбаев Мурат- «Сыпайы Мистер»
Барлық қатысушыларға номинациялар бойынша Дипломдар және ақшалай сыйақы табысталды.
Құттықтаймыз!
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймагамбетова Г.Е.

Фотосурет
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support